Алматыда Елбасының қатысуымен уақыт капсуласын қою рәсімі өтті

21 Маусым 2019, 10:46
1841
Бөлісу:
Алматыда Елбасының қатысуымен уақыт капсуласын қою рәсімі өтті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Қазақ-британ университетінің жанында Елбасының қатысуымен "Уақыт капсуласын" қою рәсімі өтті.


Қазақстанның тұңғыш президенті салтанатты шара кезінде студенттер алдында сөз сөйлеп, еліміздің даму жолына тоқталып өтті.

"Уақыт капсуласын келер ұрпаққа қалдыру рәсіміне сіздердің алдарыңызға келіп тұрмын. Алматы Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, бәріміздің ең жақсы көретін қаламыз. Білімнің орталығы, менің де туған жерім. Сондықтан сіздермен кездескеніме зор қуанышытмын. Бүгінгі шараның маңызы өте үлкен. Бүгін менің билік басына келгеніме 30 жыл толыпты, соны атап өтейік деп жатырмыз. Көпшілігіңіз әлі 30 жасқа толған жоқсыздар, тәуелсіздікпен қаатар жүріп келе жатырсыздар. 28 жыл Тәуелсіздік жағдайында Қазақстанымыз болмаған биіктерге көтерілді. Сендер бақытты болсын деп біздің буын жұмыс істеді, тәуелсіздігімізді нығайтты. Қазақстан қазір ел құрметтейтін мемлекет болды. 2050 жылға дейінгі бағдарлама орындалған кезде осы уақыт кристалын алып оқиды, сол кезде біздің істеген шаруамызды танып, оқитын болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өзгелердің жаңалығы