Алматыда «Elbasy forever young» муралы пайда болды

4 Мамыр 2021, 12:21
1750
Бөлісу:
Алматыда «Elbasy forever young» муралы пайда болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы муралдары тағы бір туындымен толықты. 

Қаладағы Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында Elbasy forever young муралы пайда болды.

Жергілікті тұрғындар ғимараттағы сурет бір түнде жасалғанын айтады. Оның авторы кім екені әзірге белгісіз.

Алматыда әртүрлі тақырыпта муралдар бар. Былтырғы муралдар COVID-19 вирусымен күрескен жандарға арналған болатын. 

Сондай-ақ браконерьлер қолынан қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевке арнап жасалған мурал да бар.

Өзгелердің жаңалығы