Алматыда екпе алу бойынша егде жастағы адамдар белсенділік танытуда

6 Мамыр 2021, 12:41
1488
Бөлісу:
Алматыда екпе алу бойынша егде жастағы адамдар белсенділік танытуда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова онлайн брифингтте айтты.

Оның айтуынша, қалада коронавируске қарсы вакцинаның бірінші компонентін 240 мыңдай адам салдырған. Вакцина салу адамдардың тұрғылықты тіркеу жеріне қарамастан жаппай салынып жатыр. Сондай-ақ халықты жаппай вакцинациялау бойынша қалада 215 екпе салу орны ашылған, оны 250 дейін жеткізу мүмкіндігі бар.

Осы күнге дейін вакцина алғандардың басым көпшілігін медицина қызметкерлері құрап отыр. Сондай-ақ мұғалімдер мен құқық қорғау қызметкерлері де жоғары деңгейде алды. Оған қоса созылмалы ауруы бар есепте тұрғандардың 10 пайызы екпе алды. Қазір екпе алу бойынша егде жастағы адамдар белсенділік танытуда. 60 жастан асқан 31 мың адам вакцина алған. Олар өз еріктерімен келіп, екпені қуана салдыруда. Тіптен 90 жасқа келген адамдардың өзі вакцина салдырып жатыр. Оларда ешқандай қиындық болмады, әр адамда тек екпе алсам деген ниет болу керек, - деді Гүлнар Ысқақова.

Сонымен қатар ол вакцинаның екі компонентін алғандарға вакцина алғаны туралы паспорт тағайындалатынын айтты.

Екпе алғандардың барлығы ДСМ-нің ақпараттық жүйесінің базасында тіркеуге алынады. Екінші компонентті алған соң вакцина алғаны туралы паспорт жасалады, ол үш тілде шығады. Бұл паспорт қағаз түрінде қолға берілмейді. Оны кез келген адам электронды үкімет порталында немесе қосымшасы арқылы жүктей алады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы