Алматыда «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтіп жатыр

2 Мамыр 2019, 13:04
4640
Бөлісу:
Алматыда «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халықтары ассамблеясының ұйымдастыруымен «Достық дастарханы» фестивалі өтіп жатыр. 

Фестивальға Алматы қаласында тұратын әртүрлі этностардың ұлттық тағамдары қойылған. 

Іс-шараның мақсаты қатынасу мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру, Қазақстанда тұратын этностардың аспаздық дәстүрлері ерекшеліктерімен таныстыру арқылы түрлі этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Алматыда «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтіп жатыр

Фестиваль барысында тағамдардың көрмесі мен дәм тату, сондай-ақ, тағамдардың әзірлену әдістерін, денсаулыққа пайдалы тұстарын айтылып, қонақтарды күту салтын көрсетілді. 

“1 мамыр еліміздегі ұлттардың бірлігі күнін атап өттік. Бүгін еліміздгі этностардың ұлттық тағамдарының фестивалін ұйымдастырудамыз. Мұндай шаралар ұлттардың бірлігін, татулығын нығайтып, бір-біріміздің мәдениетімізді терең танып, білуге жол ашады. Барлығымыз бір атаның баласындаймыз, яғни бірлік бар жерде берекет болады”, - дейді ұйғыр бірлестігінің мүшесі Абдулхалил Толкунтай.

Алматыда «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтіп жатыр

Түрік этностары бірлестігінің мүшесі Тарлана Карибова бүгінгі фестивалға кавказ елінің көне тағамдарын әзірлеп әкелгенін айтады. 

“Бүгін біз даладағы пеште қолдан жасалған көне тағамдарды әкеп отырмыз. Яғни, бұл тағамдарды біздің ата-бабамыз осында жер аударылмай тұрғанға дейін жасап келген. Мәселен, мына “Шәхерлеме” деген тәтті печениені той-томалақта жасаған. Бұл тағамдарды тәтті қарым-қатынасты білдіреді”, - дейді ол. 

Алматыда «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтіп жатыр

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев қатысып, әр ұлттың әзірлеген тағамдары мен концерттік бағдарламаларын тамашалды.


Өзгелердің жаңалығы