Алматыда діни ахуал тұрақты

12 Қазан 2021, 21:46
11137
Бөлісу:
Алматыда діни ахуал тұрақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мегаполистің Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке айтып берді. 

Е. Көшеке атап өткендей, Дін істері басқармасы дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша сапалы және жүйелі жұмысты жүргізуде. 

Біздің ведомство төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, деструктивті идеологиядан зардап шеккен адамдармен профилактикалық және оңалту жұмыстарын жүргізу және БАҚ пен интернет кеңістігінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат, - деді басқарма басшысының орынбасары. 

Бүгінде Алматыда 184 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді, олар ҚР бойынша 18 конфессияның 17-сі. 115 діни ғимарат жұмыс істейді – мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар, діни ғимараттар. Сондай-ақ, 64 миссионер тіркелген. 

Халықтың түрлі санаттары арасында біз жүйелі ақпараттық-түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Бірінші кезекте жастарды қауіпсіздендіруге тырысамыз. Қалада ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді, оған 40-тан астам маман кіреді, - деді Е. Көшеке. 

Жыл басынан бері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында 63 мың адамды қамтитын 507 іс-шара өткізілді. Бұдан басқа, халық арасында зайырлылық қағидаттарын түсіндіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 

Шектеу шараларына қарамастан, санитарлық нормаларды сақтай отырып, теологтар мен дінтанушылар жеті қалалық базарларда, екі сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығында кездесулер өткізді. Дәрістерді барлығы 10 мыңнан астам адам тыңдады. 

Алматыда Ислам және оның ағымдары туралы сапалы сенімді ақпарат базасына айналған кеңес беру және оңалту орталығы жұмыс істейді. Көбінесе, діни көзқарастарында шатасқан немесе сенімнің кейбір даулы тұстарын түсіндіргісі келетін адамдар барады. 

Орталық мамандары жеке бағдарламалар әзірлейді, әрбір зардап шегушіге түрлі әдістемелер қолданады, - деді Е. Көшеке.  

Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Алматыдағы діни білім туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде қалада төрт діни оқу орны бар: «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, ҚМДБ жанындағы ҚР имамдарының біліктілігін арттыру институты, «Әбу Ханифа» колледжі (медресесі) және Алматыдағы православ шіркеуінің рухани семинариясы. 

Бұдан өзге, 2017 жылдан бастап конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында Алматыда діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы жұмыс істеуде. 

Құрылған кезден бастап клуб мүшелерінің қатысуымен 17 конфессия мен мемлекеттік органдар өкілдерінің арасындағы сенімді қарым-қатынастардың дамуына оң әсерін тигізетін түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар мен жиналыстар өткізіледі. 

Жалпы, қаланың дін саласындағы қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты. Басқарма жүргізіп жатқан барлық іс- шаралар ең алдымен конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтауға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы