Алматыда демалыс күндері сауда желілері мен қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды

26 Маусым 2020, 18:17
1261
Бөлісу:
Алматыда демалыс күндері сауда желілері мен қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шараларды қабылдады. 

Алматы қаласында қосымша карантиндік  шектеу шаралары 27 маусым сағат 00.00-ден бастап, 29 маусым cағат 00.00-ге дейін күшіне енеді. Қабылданған шешімге сәйкес көрсетілген кезеңде коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары жабық объектілердің қызметі тоқтатылатын болады:

- ірі сауда желілері (азық түлік, азық түлік емес), үйдегі дүкендер түріндегі филиалдарын қоспағанда жабық базарлар (азық-түліктік, азық-түліктік емес, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері;
- қоғамдық тамақтану нысандары, көшедегі форматтағы ашық ауадағы нысандарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып;
- фитнес-орталықтар.

Базарлар өз қызметін 2020 жылдың 29 маусымы (дүйсенбі күні) қайта жалғастыра алады. Ашық даладағы көше форматында әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаған жағдайды қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне рұқсат етілген,-делінген хабарламада.

Қоғамдық көліктер де осы демалыста өз қызметін тоқтатады. 

Атап өтетін жайт, жоғарыда аталған нысандарда санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі. 

Қосымша шектеу шараларына байланысты азаматтарға қала бойынша қозғалысты шектеу ұсынылатынын еске саламыз. Тәуекел тобына кіретін адамдарға, әсіресе егде адамдарға үйде қалу ұсынылады.
Эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілікке тарту қарастырылған. Полиция қызметкерлері тарапынан адамдар көп жиналатын орындарда енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу күшейтіледі. 
Сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтар 1308 нөмірі бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауына жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы