Алматыда дауылды ескерту жарияланды

5 Сәуір 2019, 13:00
2053
Бөлісу:
Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматыда дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне байланысты Кіші Алматы су алабында 5–8 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Тауда абай болыңыздар", - делінген Қазгидромет хабарламасында. 

Қар көшкіні жүруіне түрткі болмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. 

Сонымен қатар, 6-8 сәуірде жауын-шашын жаууының болжамына байланысты, кей жерде қатты жаңбыр түрінде, ШҚО-да қардың қарқынды еруіне, еріген қар ағындысының қалыптасуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуына, су басу қаупіне алып келеді.

"6-9 сәуірде күндізгі ауа температурасының жоғары болуына байланысты, Павлодар облысының шегіндегі Ертіс өзенінде мұздың әлсіреуі, мұз кептеліс құбылыстарының пайда болуы, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуы күтіледі" - делінген хабарламада.

Жаңбыр түсуі болжамына байланысты, кей жерде қатты, 6-7 сәуірде Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында буйірлі ағынның қалыптасуы және өзендегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін екені хабарланды.


Өзгелердің жаңалығы