Алматыда дәрігерлер өкпесінің 90%-ы зақымданған зейнеткердің өмірін сақтап қалды

15 Сәуір 2021, 10:46
1308
Бөлісу:
Алматыда дәрігерлер өкпесінің 90%-ы зақымданған зейнеткердің өмірін сақтап қалды

Алматы, BAQ.KZ. Орталық қалалық клиникалық ауруханаға КВИ диагнозы расталған 1949 жылы туған пациент ауыр жағдайда жеткізілген. КТ тексеру кезінде науқастың өкпесінің 90%-на зақым келгені анықталыпты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, стационарда 6 күн болғаннан кейін науқастың оң аяғында ауырсыну пайда болған.

Дәрігерлер шұғыл түрде аяқтың төменгі жағына ультрадыбыстық зерттеуін жүргізген. Нәтижесінде оң жақ аяқтың тері астындағы тамырлардың жедел өсіп келе жатқан варикозды-тромброфлебиті диагнозы қойылған. Науқасқа шұғыл түрде хирургиялық көмек көрсетіліп, сол күні дәрігерлер Кроссэктомия отасын жасаған.

Кроссэктомия - бұл аяқтың тамырларына жасалатын хирургиялық операция. Операция кезінде тері астындағы үлкен тамыр мен оның санның көктамырына құятын орны анықталды (бөлінді). Санның көктамырынан 0,5-1,5 см аралықта тері астындағы тамырды, сондай-ақ оның барлық салалары байланды. Барлық манипуляциялар өте мұқият жүзеге асырылады, өйткені жамбас артериясы жақын орналасқан. Оның үстіне, ұйыған қанның тері астындағы тамырдан жамбасқа қарай ауысу қаупі бар. Операция шамамен 1,5 сағатқа созылды. Ота сәтті өтті, - дейді ОҚКА хирургі Нұрлыбек Амангелдин.

16 күн бойы науқас КВИ-дан ауруханада емделді және операциядан кейін төсек режимінде болды. Дәрігерлердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ғана бүгінде ол амбулаториялық бақылаудан кейін жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы