Алматыда дәрі сатқан дәрігер ұсталды

10 Шілде 2020, 20:37
1545
Бөлісу:
Алматыда дәрі сатқан дәрігер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада халыққа тапшы дәріні жан сақтау бөлімінің меңгерушісі сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түсті. Осыдан кейін дәрігер Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды. Жеке тексеру барысында Севофлуран, Цефтриаксон, Меобактрин, Альбунорм, Неоцитотект, Октагам, Архимакс, Меропенем, Годовист және Пропофол сияқты 90 шиша дәрі алынды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен 1 млн 370 мың теңге анықталған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы