Бас жаңалықтар
Алматыда дәмхана өртенді
03 Маусым 2020, 12:16 165

Алматыда дәмхана өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 2 қабатты үйдің жертөлесінде орналасқан дәмханадан өрт шықты. 

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, 03 маусым күні сағат 11.05 кезінде Өрт сөндіру бөліміне Алмалы ауданы, Назарбаев көшесі, 43/1 мекежайында өрт  болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Өрт сөндірушілері сағат 11:11 (6 минут ішінде) кезінде келген сәтте 5 қабатты тұрғын үйге 2 қабатты жапсарлас салынған ғимараттың жертөлесінде орналасқан дәмхана бөлмесіндегі түтіннің  шыққанын анықтады. Алдымен ғимаратта адамдардың бар-жоғына барлау жүргізілді. Кафе тағам жеткізу бойынша жұмыс істеген. Оқиға орнында ТЖД-нің жеке құрамынан 20 адам, 5 бірлік техника және газ-түтінінен қорғау қызметінің 2 қызметкері жұмыс істеуде, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, нысан электр қуатынан ажыратылғаны, өрт ошағы анықталып, таралу қаупі сейілгені айтылған.


Фото: дереккөз
Загрузка...