Алматыда бұқаралық шара ұйымдастырған Синагога басшылығы жазаланды

2 Тамыз 2021, 17:00
3254
Бөлісу:
Алматыда бұқаралық шара ұйымдастырған Синагога басшылығы жазаланды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық синагога басшысына карантин талаптарын бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Алматы қаласы санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова осыған қатысты тиісті ақпаратпен бөлісті.

Оның айтуынша, орталық синагога қаладағы карантиндік шектеулерге қарамастан Rixos қонақ үйі маңайында көпшілік қатысқан іс-шара ұйымдастырған. 

Куәгерлер жіберген видео кадрларында қонақ үй маңына жиналған көптеген ер адамды байқауға болады. Олардың үстерінде қара костюм, ал бастарында қара шляпа болған. Бұл еврей ұлтының дәстүрлі киіміне ұқсас болған. Олар суретке түсіп қана қоймай, ұлттық Хакафа биін де билеген көрінеді.


Аталған мекеме басшысына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 30 АЕК көлемінде әкімшілік шара қолданылды, - деп мәлімдеді спикер брифинг барысында.
Сонымен қатар ол синагога тарапынан діни шаралар өткізуге қатысты өтінім түспегенін айтып өтті.

Бұл ретте Rixos қонақ үйі жауапкершілікке тартылмайды екен. Себебі оның басшылығы өткізіліп жатқан шарадан хабарсыз болған. Оның үстіне шара қонақ үй ішінде емес, оның маңайында болған. 

Айта кетсек, 30 шілдеде әлеуметтік желілерде Rixos Almaty қонақ үйі жанында фотоға түсіп жатқан бір топ адам туралы ақпарат тарады. Бұл адамдардың еврей діни қауымының өкілдері екені де айтылды.

Өзгелердің жаңалығы