Алматыда бос тұрған ғимараттар мектеп, балабақша, емхана ретінде қолданысқа берілуде

2 Қараша 2020, 10:20
1745
Бөлісу:
Алматыда бос тұрған ғимараттар мектеп, балабақша, емхана ретінде қолданысқа берілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бос тұрған ғимараттарды  әлеуметтік нысан ретінде  беру туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде  Алматы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев айтып берді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, жұмысы тоқтап тұрған ғимараттар әлеуметтік нысандарға - мектептер, балабақшалар, емханаларға беріледі.  

Биыл қала республикалық меншіктен бос тұрған екі нысанды қабылдады: 

Түрксіб ауданындағы Тынышбаев көшесі, 4/6 мекенжайындағы, ауданы 491,3 ш.м. үш литерден тұратын кешен қайта жаңартылғаннан кейін психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларға арналған 60 орынға есептелген күндіз қабылдайтын орталық ашу жоспарлануда.

Бостандық ауданындағы Алмалы бақ көшесі, 4 А, ауданы 196,9 ш.м. тұрғын үйдегі ғимаратты «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы аясында бұл жерде «Іскер Ана» орталығын ашу жоспарлануда.

Жеке және заңды тұлғалар мүлікті қала сыйына өтеусіз берген кезде сыйға тарту әдісі - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі болып табылады, - деп атап өтті Р.Әлиев. 

Жеке заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша үш нысан қабылданды:

Бостандық ауданында Егізбаев көшесі, 7 А, ауданы 3115,7 ш.м. болатын балабақша.  Мұнда 150 орынға есептелген №191 мемлекеттік балабақша ашылды. Балабақша тұзды шахтамен және сенсорлық бөлмелермен жабдықталған. 

Алмалы ауданындағы Мәуленов көшесі, 46 мекенжайындағы «Elit Towеr» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы ауданы 217,1 ш.м. тұрғын үй емес ғимаратты жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқырмандарға қызмет көрсету үшін ашық аймақтармен коворкинг-орталық кітапханасын ашу көзделеді (оның ішінде тілдерді оқыту курстары, түрлі үйірмелер бар).

«Атакент» КІЫО аумағындағы абаттандыру объектілері - орындықтар, урналар, субұрқақтар. Аудан әкімдігі коммуналдық меншікке өткеннен кейін, уақытылы қызмет көрсетуді және күтім көрсетуді ұйымдастырды.

Ауданы 59,5 ш.м. болатын Жетісу ауданындағы бос тұрған ғимаратты коммуналдық меншік объектілерін қайта бөлу арқылы домбыра мектебі ашылды. Онда балалар халық аспаптарында ойнауды тегін үйренеді.

Өзгелердің жаңалығы