Алматыда борышкерлердің көлігі айып тұрағына қойылуда

6 Желтоқсан 2019, 12:37
9053
Бөлісу:
Алматыда борышкерлердің көлігі айып тұрағына қойылуда

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда айыппұлдарын төлемеген автокөлік жүргізушілерін анықтауға арналған "Борышкер" шарасы өтіп жатыр. 

Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің басасөз қызметі хабарлады.

Бұл іс-шара әкімшілік заң бұзушылықтарды жасағаны үшін жазалауға және әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін арттыруға арналған. 

Тәртіп сақшылары мен прокуратура органдарының қызметкерлері, сондай-ақ сот орындаушылар "ПОТОК-М" мобильді кешенімен әкімшілік айыппұлдарды төлемеген жүргізушілерді анықтап жатыр. Егер көлік жүргізушінің айыппұлы бар болса оның көлігі арнайыландырылған айып тұрағына қойылады. Жүргізуші барлық борышын өтеген соң ғана көлігін ала алады, - дейді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, ол қала жүргізушілерін мұндай келеңсіздікке тап болмас үшін айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы