Алматыда "Нұрлы жермен" 1300 тұрғын баспаналы болды

17 Қазан 2019, 14:25
2046
Бөлісу:
Алматыда "Нұрлы жермен" 1300 тұрғын баспаналы болды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1300 қала тұрғыны баспанамен қамтылды. Оларға "Саялы" ықшамауданында салынған үйден пәтер берілді. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Алматы қалалық филиалының директоры Гүлзат Симтикова БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.

Сонымен қатар, ол "Бақытты отбасы" қалалық бағдарламасы аясында 284 отбасы баспаналы болғанын жеткізді.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бізде екі бағыт бойынша жұмыс істейді, оның бірі қала әкімдігімен іске асырылып жатыр. Ал екіншісі республикалық бағдарлама. Қалалық бағдарламамен мамыр-қыркүйек айлары арасында 284 отбасы баспанамен қамтылды. "Бақытты отбасы" республикалық бағдарламасы бойынша көпбалалы және толық емес отбасылар, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған тұрғындардан 300-ге жуық өтінім қабылдадық. Қазір несиелік өтінімдері қарастырылып, оны рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ол.  

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам қала тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің көмегімен баспанаға қол жеткізген. Бұл Алматы бойынша рекордтық көрсеткіш болған. 

"Қазіргі таңда біздің банк Алматы қаласында тиімді шарттармен баспанаға қол жеткізгісі келген банк клиенттері үшін 8 тұрғын үйді ұысынып отыр. Солардың бірі Жандосов көшесі бойында оналасқан тұрғын үй кешені. Бұл нысандағы пәтерлердің 1 шаршы метрі 365 мың теңгені құрайды, ал біз ондағы 95 пәтердің бағасын 260 мың теңгеден ұсынып отырмыз. "Өз үйім" бағдарламасы бойынша пәтер сатып алу үшін банк несиені жылдық 7% мөлшерлемемен береді, ол кейін 5%-ға дейін төмендейді", - дейді Гүлзат Симтикова. 

Сөз арасынада ол "Нұрлы жер" бағдарламасымен қалада қанша үй салынатынын да айтып өтті.

"Келесі жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Алматы әкімдігімен 18 үй беріледі. Олар "Алғабас" ықшам ауданында тұрғызылып жатыр. Ол үйлердің 1 шаршы метрі 180 мың теңге шамасында сатылады. Келесі жылдың ақпан-наурыз айларынан бастап өтінімдерді қабылдай бастаймыз. Қолданысқа маусым-шілде айларында беріліп қалады", - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы