Алматыда бірінші тоқсанда қанша оқушы коронавируспен ауырғаны белгілі болды

13 Қараша 2020, 12:40
1250
Бөлісу:
Алматыда бірінші тоқсанда қанша оқушы коронавируспен ауырғаны белгілі болды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архивтен

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы Білім басқарма басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифинг барысында екінші тоқсанда оқу процесін ұйымдастыру туралы айтты.
 

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында қаладағы 205 мемлекеттік мектепте оқу жылы қашықтықтан оқу форматында басталды. Сұлусай және Көлсай ықшамауданында орналасқан №194, №197 жалпы білім беру мектептерінде адам санының аз болуына байланысты оқу шаттты режимде басталған еді,-дейді ол.  

Сонымен қатар ол Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментінің қаулыларына сәйкес бірінші тоқсанда 1-4 сыныптарда кезекші топ ашылғанын жеткізді. Бірінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаланың 140 мемлекеттік мектептерінде 985 кезекші сыныптар ашылған. Оған қоса 56 жеке мектепте 582 кезекші сынып ашылған, оның құрамында 7 056 бала бар. 

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 26 оқушы коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде екі бала штатты режимде білім алған,-дейді Қайрат Жұманов. 

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 9 қарашадағы қаулысына сай екінші тоқсанда мектептерде 300 балаға дейін оқуға рұқсат берілді, яғни сыныптағы бала саны 15-тен аспау керек. 

Оған қоса мемлекеттік мектептерде 5-ші сыныптарға, ал халықаралық мектепте 7 сыныпқа мектепке барып оқуға рұқсат берілді. Бұл ретте бесінші сыныптарда кезекші топ ашу бойынша ата-аналардан 578 өтініш түсті. Кезекші топқа созылмалы ауруы жоқ оқушылар ғана қабылданады,-дейді ол. 


 


 

Өзгелердің жаңалығы