Алматыда бір бала қайтыс болды – Аружан Саин

8 Қаңтар 2022, 16:30
1694
Бөлісу:
Алматыда бір бала қайтыс болды – Аружан Саин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде бір балаға оқ тиіп, қайтыс болды. 

Бұл туралы Балалар омбудсмені Аружан Саин мәлімдеді. Оның айтуынша, балалар ата-анасымен мегаполис көшелерінде келе жатқанда 11 жастағы бала қайтыс болған.

 Сондай-ақ Аружан Саинның айтуынша, 7 қаңтарда 15 жасар жасөспірім Алматыдағы балалар ауруханаларының біріне ауыр жарақатпен жеткізілген, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. 

Оның айтуынша, жасөспірім әкесімен бірге көлікте келе жатқан кезде олардың көлігіне оқ атылған. 

Ата-аналарға және барлық үлкендерге өтінішім – балаларға қамқор болыңыз! Өзіңізді күтіңіз, өйткені сіздер балаларыңызға керексіз. Үйде болыңыз! Терезеге жақындамаңыздар! Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар! Қажет болса, қоңырау шалыңыздар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтары жөніндегі сенім телефоны: +7 7172 74 25 28, +7 7761 70 73 83, +7 777 183 65 67, +7 701 378 66 29. Хабар-ошарсыз кеткен ересектер мен балалар үшін 141 телефонына хабарласыңыздар, - деді Омбудсмен.

Өзгелердің жаңалығы