Алматыда бағдаршамның істен шығуына байланысты бірқатар автобус маршруты өзгерді

9 Қаңтар 2021, 09:42
1797
Бөлісу:
Алматыда бағдаршамның істен шығуына байланысты бірқатар автобус маршруты өзгерді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Мобильділік басқармасы қаладағы Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның істен шығуына байланысты қоғамдық көліктердің маршрутына өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның кабель кәрізін апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 2021 жылғы қаңтар айының 9 мен 11 аралығында Райымбек даңғылымен шығыс бағыттағы қоғамдық көлік қозғалысы уақытша жабық болады. 4,7,11,23,50,54,59,69,78,117,141 маршруттары уақытша Райымбек даңғылы бойындағы тоннель арқылы ұйымдастырылып, жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін аялдама уақытша Жангелдин көшесі қиылысында орналасатын болады, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар №203, 207, 204, 221, 208, 220, 222, 224, 228 қала маңы маршруттары уақытша Жангелдин – Мақатаев көшесі – Көк базар және кері қарай бағыты бойынша ұйымдастырылады.  

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтініп, бұл бағыттағы  сапарды алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы