Алматыда азық-түлік бағасы тұрақталады

21 Тамыз 2019, 18:15
2396
Бөлісу:
Алматыда азық-түлік бағасы тұрақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары және күзгі-қысқы кезеңде Тұрақтандыру қорын жасақтау туралы брифинг өтті, деп хабаралды қала әкімдігінің сайты.

Қаланың Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаппарова әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралардың жүзеге асқанын айтты. Мысалы, 29 сауда объектілеріне тұрақты түрде мониторинг жасалуда. Бағаны негізсіз көтерген фактілер бойынша сауда орындарымен келіссөздер жүргізілуде.

Апта сайын қаланың 5 аудандарында (Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Түрксіб) «демалыс күні» атты ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп тұрады. Күз айларына төрт тақырыптық (JidekFest, ArbuzFest, AlmaFest, BalFest) және алты кеңейтілген жәрмеңкелер өткізу жоспарланған, оларға Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысады.

"Сауда орындарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын 15%-ға дейін, отандық тауарлар қатарын кем дегенде 30%-ға тұрақтандыру әрі ӘМТӨ жеткізетіндерді ынталандыруды жою, қалған азық-түлік тауарларының бағасын 5 пайыз деңгейінен сәл ғана асыру бойынша келісімдер жасалуда. Сонымен қатар, ет өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім жасау және сиыр етін бірден қаланың сауда орындарына жеткізу жоспарланған", - делінген таратылған хабарламада.

Қазіргі кезде Тұрақтандыру қорында 2,5 мың тонна өнім - өсімдік майы - 699 литр, қант - 1,5 мың тонна, қарақұмық жармасы - 348 тонна қоры бар, маусымдық өзгерістерге орай олар халыққа төмен бағамен сатылатын болады. Өнім қоры тек отандық тауарлардан құралады.

Тұрақтандыру қорына 2016-2018 жылдары жалпы құны 1,3 млн теңге болатын 5,7 мың тонна өнім сатып алынған еді, 558,23 млн теңгенің 3,2 мың тонна өнімі интервенцияланды.

Бағаны тұрақтандыру бойынша бірігіп атқарған жұмыс барысында ауысым аралығында серіктеске банктік кепілдеме негізінде қайтарылуы тиіс 750 млн теңге бөлінді. 2019 жылдың желтоқсан айының соңы мен 31 мамыр аралығында 36 супермаркеттер желісінде 10 433,1 тонна өнім сатылды. Соның ішінде: 4678,9 тонна картоп, 2516,4 тонна пияз,2029,8 тонна сәбіз, 1207,9 тонна капуста.


Өзгелердің жаңалығы