Алматыда әзірге ұжымдық иммунитет толық қалыптаспаған

8 Қараша 2021, 16:29
993
Бөлісу:
Алматыда әзірге ұжымдық иммунитет толық қалыптаспаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы Орталық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова хабарлады. Оның айтуынша, қарашаның үшінші онкүндігінде азаматтарды қайта вакцинациялау басталады.

Сондай-ақ аурухана басшысының орынбасары мегаполисте әзірге ұжымдық иммунитет толық қалыптаспаған деп отыр.

Инфекцияның одан әрі таралу қаупі бар. Халықты қайта вакциналау алгоритмі бар. Екпе салдыру ерікті түрде жүреді. Азаматтарға коронавирустың үшінші вакцинациясын вакцинацияның бірінші курсы толық аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін жасау ұсынылады. Антиденелер деңгейін алдын ала анықтау қажет емес, – деді Эльвира Ибрагимова.

Ол COVID-19 оңай өзгеріп, мутацияланатынын және көбейетінін, сондықтан қауіпті екенін еске салды.

Өзгелердің жаңалығы