Алматыда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік беріледі

24 Наурыз 2020, 16:49
1633
Бөлісу:
Алматыда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік беріледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда карантин кезінде аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтуға бағытталған жаңа бағдарлама қолға алынды.

Бүгін біз қала деңгейінде аз қамтылға отбасыларды қолдауға арналған бағдарламаны іске қостық. Қазіргі таңда қалада 18 618 отбасы анықталып отыр. Оның ішінде аз қамтылған отбасы 9971, жалғыз тұратын зейнеткерлер 2585, І, ІІ топтағы мүгедектер 5143 және 919 мүгедек балалары бар отбасылар бар. Осы 18 мыңнан астам отбасыны қамтамасыз ету үшін көптеген жұмыстар жасалды»,-деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев. 

Оның айтуынша, бұл бастама аясында әрбір отбасыға арнайы жабдықталған азық-түлік тауарлары және гигиеналық қажетті заттар беріледі. Яғни маска, антисептик сияқты тауарлармен жабдықталған пакеттер таратылады. Күніне мыңға жуық пакет жеткізіледі.
25 наурыздан бастап call орталық жұмыс істей бастайды, оған көмекке мұқтаж жандар туралы хабарлауға болады. Аудандық әкімдіктер оны тексеріп, растаған соң азық-түлік пен маскалар беріледі. Қазір біз стандартты пакеттерді жасақтап қойдық. Күніне мыңға жуық пакет жеткізетін боламыз, - деді әкімнің орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде коронирус жұқтырғандар саны 68 адамға жетті.


Өзгелердің жаңалығы