Алматыдағы жол апатынан 7 адам зардап шекті

13 Маусым 2021, 15:01
2091
Бөлісу:
Алматыдағы жол апатынан 7 адам зардап шекті
PHOTO VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Жол апаты қала орталығында Абай мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуынша, Абай даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатқан Kia K5 автокөлігі Розыбакиев көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қаққан, кейін қатты екпінмен келіп №77 қоғамдық көлікке соғылған.

Алматыдағы жол апатынан 7 адам зардап шекті

Қатты соққыдан автобус жүргізушісі көлікке ие бола алмай, жол жиегіндегі екі талды қиратып барып, тротуарға шығып кеткен.

Алматыдағы жол апатынан 7 адам зардап шекті

Оқиға орнына келген жедел жәрдем жаяу жүргінші мен Kia жүргізушісін ауруханаға жеткізген. Сондай-ақ жарақат алған автобус жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.


Өзгелердің жаңалығы