Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

14 Қыркүйек 2021, 02:17
4075
Бөлісу:
Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті.

12 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында SAZLE 60 маркалы автобусты тізгіндеген жүргізуші Қонаев көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, Мәметова көшесімен қиылыста Қонаев көшесін шығыс бағытта (бағдаршам бар жерде) қиып өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді, - деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Өзгелердің жаңалығы