Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жаяу жүргіншіге рұқсат етілмегнен жерден өтіп бара жатқан әйелді автобус қағып өлтірді.
Қайғылы жағдай 26 қаңтар таңғы сағат 8 шамасында Жандосов пен Кекілбайұлы көшелерінің қиылысында болған.
Автобус қаққан әйел 1971 жылы туған, ол қатты жарақаттан сол жерде көз жұмды.
Қазір ҚР ҚК 345 бабының 3 тармақшасы бойынша тергеу басталды. Сарапшылар тағайындалды. Айта кету керек, жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден өткен. Сол жерден 300 метрдей жерде жерасты өткелі тұр,-дейді Алматы ПД-нің Анықтау басқармасының басшысы Олжас Шарипов.