Алматыда 26-27 қыркүйек күні автобус бағыттары өзгереді

25 Қыркүйек 2020, 16:55
1910
Бөлісу:
Алматыда 26-27 қыркүйек күні автобус бағыттары өзгереді

Алматы, BAQ.KZ. Демалыс күндері қаладағы қоғамдық көлік пен метро қалай жұмыс істейтіні белгілі болды.

Демалыс күндері Алматыдағы қоғамдық көліктер әдеттегідей сағат 06.00 ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда, бұрынғы Саяхат автобекеті маңынан өтетін автобустардың бағыты өзгереді.

«Алматы автобустары» ЖШС-нің мәліметінше, 2020 жылдың 25 қыркүйегі күнгі сағат 17:00-ден бастап 26 қыркүйек сағат 23:00-ге дейін жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Райымбек даңғылы - Назарбаев даңғылынан Жангелдин көшесіне дейін, Пушкин көшесі - Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейін, Уәлиханов көшесі - Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейін, Қонаев көшесі – Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейін автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. 

Көрсетілген мерзімде қоғамдық көліктің, нақтырақ айтқанда,  203, 204, 207, 208, 220, 222, 225, 228, 410 бағытындағы автобустардың қозғалысы өзгертілген бағытта келесі тәртіппен жүзеге асырылады: Райымбек даңғылы бойындағы Назарбаев даңғылы және Пушкин көшесі аралығында шығыс бағыттағы барлық қоғамдық көлік жол айырығының тоннелі арқылы өтеді. Талғар, Есік аудандарынан және Өтеген батыр ауылынан қатынайтын жолаушылар үшін Райымбек-Назарбаев, Райымбек-Жангелдин, Пушкин-Мақатаев, Гоголь-Назарбаев учаскелерінде соңғы пункт ұйымдастырылады, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, «Райымбек батыр» метро станциясындағы техникалық жұмысқа байланысты профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, осыған орай жоғарыда аталған мерзімде бұл станция уақытша жұмыс істемейді, соңғы станция – «Жібек жолы».

Өзгелердің жаңалығы