Алматыда аудандық сот судьясы 4 жылға бас бостандығынан айырылды

4 Маусым 2020, 13:07
1376
Бөлісу:
Алматыда аудандық сот судьясы 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "AntikorNEWS" шығарылымының тікелей эфирі барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров аяқталған қылмыстық істер бойынша айыптау үкімдері туралы айтты.

Алматының №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы Б.Е. Батырханов 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол Н.Н.Қоңыртаевадан Алматы қаласында орналасқан тұрғын үйді жер телімімен қоса мемлекеттік қажеттілікке алу бойынша азаматтық істі оң шешу үшін 850 000 теңге сомасында пара алуда күдікті болған. Батырханов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды, -делінген ақпаратта. 
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осыған дейін Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы А.Н.Тарасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. 

А.Н.Тарасов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, белгісіз тұлғаларға автокөлік-газ құю станциясын сату арқылы аталған мемлекеттік мүлікті сатудан түскен 11 млн теңгеден астам қаражатты бюджеттің кірісіне енгізбей, мемлекетке ірі көлемде шығын келтіруде күдікке ілінген.
Сонымен қоса, ол орындалған жұмыстардың актісіне қол қоймау арқылы коммерциялық ұйымның заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіру және "Орталық саябақтың кіре берісін декоративті безендіру – авторлық жұмыс" нысаны бойынша толық орындалған жұмысқа 80 млн теңге сомасында төлем жүргізуден бас тартуда күдікті болды. 28.05.2020 жылы Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Тарасов орташа қауіпсіз колонияда жазасын өтеумен 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан айрылды, - делінген ақпартта.
Сондай-ақ, 02.06.2020 жылы ШҚО Аягөз аудандық сотының үкімімен "Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы Б.У.Мұстафаевтың орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойғаны үшін 3 жыл, 6 айға бас бостандығы шектелді.


Өзгелердің жаңалығы