Бас жаңалықтар
Алматыда аты аңызға айналған «Неделька» фонтаны қалпына келтірілді
13 Қыркүйек 2021, 11:45 61

Алматыда аты аңызға айналған «Неделька» фонтаны қалпына келтірілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында скверлерді реконструкциялау, қонақүйлер салу және тау туризмі үшін жайлы жағдай жасау туралы айтты.

«Неделька» субұрқағын қоса алғанда Абай атындағы ҚҰАОБТ алдындағы алаңды жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын. Мұндағы басты міндет – тарихи сәулет ансамблін сақтай отырып, маңайды қалпына келтіру еді. Ол үшін шамдар, субұрқақ аркалары мен «абажур», айналасындағы плиталар қалпына келтірілді. Барлығы сол кезде түсірілген суреттегідей. Кіре-берістегі жойылған субұрқақ қалпына келтірілді. Жаңа келбетке ие болған кеңістік қала тұрғындарының көңілінен шығатынына күмәнім жоқ. Сонау 60-70 жылдардағы Алматының атмосферасын еске түсіреді, - деп жазды ол.
Негізі 2005 жылы қаланған Тұңғыш Президент Қорының жанындағы скверді қайта құру жалғасуда. Содан бері мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген екен. 80 орындық, қоқыс жәшігі және тұрғындардың өтінішімен санитарлық-гигиеналық торап орнатылады. Балаларға арналған ойын және спорт алаңын құру жоспарда бар.

Сыртқы жарық жүйесін жүргізу үшін 4 км кабель төселіп, 147 шам орнатылады. Автоматты суару жүйесі үшін 5 км құбыр ауыстырылып, суаруға арналған екі бөшке салынады.
Жаңа жайлы орын Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының алдындағы алаң болады, онда жасыл қорды жаңарту, жол жамылғысы, орындықтар, жарықтандыру жұмыстары да аяқталуда, біз субұрқақты қалпына келтіреміз, - деп жазды қала әкімі.
Сондай-ақ, Үлкен Алматы өзені - әл-Фараби даңғылындағы көпір кеңістігі өзгертіледі, онда көшеде тамақтанатын орын мен көше кинотеатры ұйымдастырылады. Өзенде жасанды сарқырама мен көру алаңы орнатылған. Пандустардың арқасында бұл орын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді болады.

Сағынтаев №128 мектептің спорттық инфрақұрылымын модернизациялау барысын көрді. Мұнда қазіргі заманғы ашық спорт алаңдарынан өзге, жыл бойы қолжетімді жабық футбол алаңдары салынуда.

Алматы әкімі сондай-ақ жаңа Holiday Inn Express қонақ үйі, демалушылар мен туристерге жайлы жағдай жасалған Аюсай визит орталығының инфрақұрылымын тексерді.


Фото: дереккөз
Загрузка...