Алматыда атмосфералық ауаның негізгі ластану көзі анықталады

21 Наурыз 2020, 14:44
5375
Бөлісу:
Алматыда атмосфералық ауаның негізгі ластану көзі анықталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялауына және карантиннің енгізуіне байланысты Алматы қаласында алғаш рет автомобиль көлігінің саны айтарлықтай төмендеді.

Осылайша Алматы қаласында атмосфералық ауаның негізгі ластану көзін анықтауға мүмкіндік туды. ЖЭО-ның жалпы қала ауасының сапасына қаншалықты әсер ететінін және Алматы қаласында жүктелген қиылыстарындағы ауаның ластануын анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасымен "Қазгидромет" РМК 20 наурыздан бастап карантин бойы және ол аяқталғаннан кейін бір ай бойы келесі нүктелерде ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануына жоспардан тыс өлшеу жүргізетін болады.
Өлшеу Саяхат автовокзалы ауданында, Тастақ базарының ауданында, ЖЭО-2 санитарлық-қорғау аймағының шекарасында өткізіледі.
Талдау синоптикалық жағдайды ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспардан тыс өлшемдерден басқа, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК ауасының ластануын бақылау бекеттерінің датчиктері деректері қолданылатын болады, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы