Алматыда Астана алаңы уақытша жабылады

18 Наурыз 2019, 14:51
2173
Бөлісу:
Алматыда Астана алаңы уақытша жабылады

Астана, BAQ.KZ. Мерекелік бағдарламалар өтетін басты алаң 19-24 наурыз аралығында жабық болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған мерзімде Көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесіне арналған көптеген іс-шаралар өтеді. Жеті жерде бір уақытта концерттер, жәрмеңкелер, шеберлік сабақтары, байқаулар мен көрмелер ұйымдастырылады.  

Іс-шаралардың басым бөлігі Астана алаңында өтеді. 22 наурызда «Ұлы даланың - Ұлы күні» атты ауқымды шара, 23 наурызда - МузАРТ  - тобының жеке концерті жоспарлануда.

Бұдан өзге, мұнда «Алматы Наурызды қарсы алады» атты спорттық ойындар ұйымдастырылады. 

"Биылғы «Жастар жылында» Наурыз мейрамы өскелең ұрпақпен бір толқында болу мақсатында, ерекше заманауи, әрі серпінді ырғақта өтпек. Мереке қалада өтетін шеруден басталады, мерекенің тарихы мен дәстүрлеріне жаңаша көзқарас, перфоманстар мен бірегей нөмірлермен ерекшеленеді", - делінген таратылған хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы