Бас жаңалықтар
Алматыда асфальт жарылып, жүк көлігі жер астына түсіп кетті
01 Наурыз 2021, 15:43 2509

Алматыда асфальт жарылып, жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде пайда болды.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан КамАЗ жүк көлігінің жер астына түсіп кеткенін көруге болады. Оқыс оқиға Алматыдағы Қажымұқан көшесі бойында болған.

Алматы қаласы Медициналық жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі жүк көлігі жер астына түсіп кеткенде жанында тұрған мекеменің бір қызметкері жарақат алғанын хабарлады.

Ол басынан және кеуде қуысынан соққы алған. Жағдайы орташа ауыр. №4 қалалық ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада. 

Алматы қалалық Полиция департаменті оқыс оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оқиға болған жерге Медеу аудандық Полиция басқармасының тергеу-жедел тобы аумақтық құрамы бойынша жіберілді. Мән-жайлар анықталып жатыр. Әрі қарай болған оқиғаға құқықтық баға беріледі, - делінген ПД таратқан мәліметте.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...