Алматыда арнайы операция кезінде телеарна қызметкері көз жұмды

7 Қаңтар 2022, 13:02
1183
Бөлісу:
Алматыда арнайы операция кезінде телеарна қызметкері көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қаланы террористерден тазарту кезінде қалалық телеарнаның қызметкері қайтыс болды.

 «Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ компания қызметкері Мұратхан Базарбаев 6 қаңтарда қаза тапқанын растады.

«Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ ұжымы 6 қаңтарда кешке лаңкестердің бұзақылық әрекеті кезінде компания қызметкері Базарбаев Мұратхан Абдаұлының қайтыс болғанын күйінішпен хабарлайды. Мұратхан Базарбаев өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде ауыр жарақат алды. Мезгілсіз дүниеден өткен әріптесіміз Мұратхан Базарбаевтың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Оның өз кәсіби қызметіне деген адал да батыл позициясы, ақжарқын бейнесі  мәңгі есімізде қалады, - деп хабарлады телекомпания. 

Өзгелердің жаңалығы