Алматыда ардагерлерге көмек көрсету жалғасуда

9 Сәуір 2020, 13:57
2350
Бөлісу:
Алматыда ардагерлерге көмек көрсету жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ. Алматылық қырық ардагерге ай сайын азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қолдау көрсетілуде.


COVID-19 пандемиясына байланысты өзін-өзі оқшаулау кезеңінде қарт адамдарға арналған осы көмекті Samsung компаниясының спонсорлық қолдауымен "Аяла" қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр.  

Осы аптада ардагерлерге көмек дәрі-дәрмек түрінде берілді. Өткен аптада қор ең қажетті деген 20 азық-түлік атауы мен тазалық құралдарынан тұратын  себеттерді  жеткізіп беруді ұйымдастырды. Курьерлер ардагер тұратын үй мен пәтердің босағасына дейін қарым-қатынассыз жеткізуді жүзеге асырды.
Samsung Қазақстанда қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі мол, белсенді мүшесі болып табылады. Соғыс ардагерлеріне деген үлкен ықыласымыз бен құрметіміз  мол, оларға тиімді көмек көрсетуге тырысамыз.  Біз ардагерлермен белсенді жұмыс істеген соңғы 5 жылда олардың қатарының күрт азайып бара жатқанын байқадық. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, сондықтан біздің де көмегіміз тиіп, әр ардагер өмірін жақсартқымыз келеді, - дейді аталған компанияның  жұртшылықпен байланыс және корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі менеджері Берік Омаров.   

"Аяла" қоры ардагерлерге 2010 жылдан бері көмектесіп келеді. 2015 жылы оған Samsung компаниясы да қосылды. Соның нәтижесінде жоба тағы 67 ардагерді қамтыды. 

Қазіргі уақытта 40 ардегер ай сайын 30 мың теңге мөлшерінде көмек алу мүмкіндігіне ие болған. Олар не сатып алу керектігін өздері анықтайды және мұны жоба үйлестірушілеріне хабарлайды. 

Тек дәрі-дәрмекті керек ететін ардагерлер бар, ал кейбір ардагерлерге азық-түлік те, дәрі-дәрмек те қажет. Барлық сұраныстар арнайы базаға енгізіледі және осы жалпы ақпараттың негізінде бүкіл қажеттілер сатып алынады және мекенжайларына жеткізіледі. Көмектің уақтылы жететініне көз жеткізу үшін айына бір рет ардагерлерге барып тұрамыз,-делінген хабарламада.

Бұл жоба қамқорлық жасайтын жасы ең үлкен ардагер 9 мамырда 102 жасқа келеді екен. Бұл Әдіш Әбдірайымов. Ол 1918 жылы өмірге келген. 1938 жылы Харьков фармацевтикалық институтына оқуға түсіп, 1941 жылы Оңтүстік-Шығыс майдандағы 173-ші атқыштар дивизиясына жіберілді. Бергедорфта тұқында және Нойенгаммдегі концлагерьде болып, Әдіш Әбдірайымов үйіне 1947 жылы оралды. 1952 жылы ол Ташкенттегі Орта Азиялық  мемлекеттік университетті "биолог" мамандығы бойынша бітірді. Сынақ станциясында зертхана меңгерушісі болып еңбек етті және қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында мақтаның жаңа сортын шығарды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында бейбіт өміріміз үшін шайқасқан азаматтарымызға лайықты күтімді қамтамасыз ету үшін алматылық 30 ардагердің үйіне жөндеу жүргізуге көмек және қолдау көрсете алатын қайырымды қазақстандықтар табылады деп үміттенеміз. Біз барлық ардагерлерге өзін-өзі оқшаулау кезеңінен аман-есен өтуін, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз, - деді "Аяла" қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.


Өзгелердің жаңалығы