Алматыда ангардан шыққан өрттен 9 көлік жанып кетті

28 Қазан 2020, 06:33
1058
Бөлісу:
Алматыда ангардан шыққан өрттен 9 көлік жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Car City жанындағы ангардан шыққан ірі өрттің салдарынан тоғыз көлік жанып кеткен. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.  

Ведомствоның хабарлауынша, ангардағы 9 көлік өртеніп кеткен. Оларды қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес. Сонымен бірге сыртта тұрған тағы 3 көлікке зақым келген. Өрт жалпы аумағы 1 мың шаршы метрді шарпыған. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шекпеген.  

Еске сала кетсек, 27 қазанда оңтүстік астанада ірі өрт болды. Оқиға орнына жеткенде техникалық қызмет көрсету станциясы орналасқан ангар типіндегі жеке тұрған ғимарат өртеніп жатты. Қуанышқа орай, жалынның басқа ғимараттарға таралу қаупі болған жоқ. Сондай-ақ өрт шыққан жерден әрқайсысы 25 литрлік 2 газ баллонының шығарылғаны хабарланды. Мамандарға ангар ішінде жанғыш сұйықтық сақталған контейнердің болуы туралы хабарлама келіп түсті, ол сағат 13:21-де жарылған.

Оқиға орнында жеке құрамның 60 қызметкері жұмыс істеді, оның ішінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, сондай-ақ 13 бірлік арнайы техника бар. Қалың түтін мен жоғары температура жағдайында өрттің шығу көзін анықтау үшін газ бен түтіннен қорғау қызметі ангардың ішіне кірді. Өрт сағат 13:58-де сөндірілді, оны сөндіруге 55 минут уақыт кетті. Айта кетсек, 24 қазанда оңтүстік астанада өрт сөндipушiлер Сейфуллин даңғылының бойындағы жанып жатқан дәмханадан адамдарды құтқарып алған болатын, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы