Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды
25 Қараша 2021, 10:52 162

Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQKZ. Қазіргі уақытта әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық 19 атауына, оның ішінде сиыр етіне (жауырын-төс бөлігі) бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Осылайша, берілген айналым қарыздары шеңберінде Магнум сауда желісінің сөрелерінде, сондай-ақ «Asyl Meat» ЖШС өндірушісінің 6 фирмалық дүкендерінде 2050 тг/кг баға бойынша сиыр етінің бағалары белгіленеді.



Сонымен қатар, көкөніс әлеуметтік дүкендерінің үлгісі бойынша «Жұлдыз» (көтерме сауда) және «Орбита» базарындағы «Ет дүкендері» іске қосылды, онда ет (кеуде-жауырын бөлігі) 2050 тг/кг - нан сатыла бастады, бұл орташа нарықтық бағадан 15%-ға төмен (ДС-2396 тг/кг). 

Қамтуды ұлғайту үшін «Түрксіб жәрмеңкесі» және «Арыстан» базарларында ұқсас дүкендер ашу жоспарланған.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...