Алматыда «ақылды» жобалар енгізілуде

8 Желтоқсан 2021, 13:13
971
Бөлісу:
Алматыда «ақылды» жобалар енгізілуде

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда тұрғындардың сандық және компьютерлік сауаттылық деңгейі өте жоғары.

Қызметтердің 90%-дан астамы электронды форматта көрсетіледі, бұл қаланың SmartCity қағидаттарына адалдығын айқындайды. Осы және креативті әрі цифрлық технологияларды дамыту туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.

Қала басшысының айтуынша, халықаралық сарапшылардың бағалауына сәйкес, IDC Алматының SmartCity ретіндегі цифрлық жетілу деңгейі «конъюнктурадан» «қайталануға» дейін 2017 жылғы 1,7 балдан 2021 жылы 2,7 балға дейін өсті. Өсім институционалдық нығайтумен және инфрақұрылымдық смарт-жобаларды енгізумен негізделген. Бүгінде «ақылды» жобалар қала тіршілігінің барлық салаларына енгізілуде.

«Сергек» жобасын іске асыру жолдардағы ЖКО саны мен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік берді. «Ақылды бағдаршамдар» трафиктің орташа жылдамдығын 15-20%-ға арттырады. BigData және жасанды интеллект талдау құралдарын қолдану жаппай жиналатын орындардың мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Деректерге негізделген басқару шешімдері оларды ұтымды қолдануға ықпал етуде. Тұрғындармен өзара байланыс арналары құрылды, «Бюджетке қатысу» сияқты бағдарламалар енгізілді, қала тұрғындары қалалық бюджеттен қаржыландыру үшін жобаларды өздері анықтайды, - деді Сағынтаев

Сонымен қатар ол қалада өткен жылдан бері Alatau Creative Hub – «Алматы-2050» Стратегиясы және «Creative Almaty» кіші стратегиясы аясында құрылған жаңа буынның көпфункционалды коворкинг орталығы жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Креативті индустрияларды дамытудың «Creative Almaty» бағдарламасы 2019 жылы қала экономикасының құрылымдық маневрі мақсатында әзірленген, 10 креативті индустрияға негізделген. Оның ішінде кино және анимация, әдебиет, сән, жаңа медиа және сандық мәдениеттер, театр, опера және балет, киберспорт және геймдевелопмент, сәулет және дизайн, музыка, қазіргі заманғы өнер, ойын-сауық индустриясы.

Креативті хаб Алатау ауданында «шетсіз қала» қағидаты бойынша құрылған, онда тұрғындар тегін коворкингте жұмыс істеп, танымал кәсіпқойлардың шеберлік-сабақтарына қатыса алады. Мұнда 25 тегін үйірме жұмыс істейді. Олардың арасында актерлік шеберлік, пікірталас клубы, домбыра, журналистика, шет тілдерін үйрену. Екінші қабатта стартаптар мен IT-инкубаторларға арналған кеңістіктен тұратын IT-зертхана, бағдарламалау мектебі, радиоэлектроника орталығы, робототехника мектебі бар. Сондай-ақ, мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы жұмыс жасауда, - деді Алматы әкімі.

Жалпы, хабта таланттарды іздеуге және адамдардың креативті дағдыларын дамытуға бағытталған ШОБ креативті жобалары үшін орындар ұсынылады. Осындай хабтарды құру қаланың әрбір ауданында жоспарлануда.

Креативті индустриялардың еңбек өнімділігі өзгелерден жоғары, бұл қала экономикасының тұрақтылығына оң әсер етуде. Бүгіннің өзінде креативті индустриялар Алматы экономикасының шамамен 1,7% үлесін алып отыр. Бұл шамамен 45 мың адам жұмыспен қамтылған 17,8 мың ұйым мен жеке кәсіпкерлер (барлық кәсіпорындардың 8,8%). Көрсетілген қызметтер көлемі - 402,8 млрд теңге, - деді әкім.

Сондай-ақ, ол қалада креативті квартал құрылатын, онда кәсіпкерлердің бизнес, шығармашылық идеяларын жүзеге асыру үшін жағдай жасалатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы