Алматыда 93 бағдаршам жаңартылады

21 Қаңтар 2020, 14:43
1713
Бөлісу:
Алматыда 93 бағдаршам жаңартылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылы зияткерлік жүйенің бірінші кезеңімен 93 бағдаршамды қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, ал қалғандары 2022 жылдың соңына дейін жарақтандырылады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқарма басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров брифинг барысында айтты.

Жиын барысында, ҚР-ның "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңы аясында қала әкімдігі жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдаланудың жаңа ережелері әзірленіп жатқаны айтылды. Аталған ережелер қаланың бағдаршам жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік бермек. Биылғы жылы 93 бағдаршам зияткерлік көлік жүйесімен жабдықталады.

Қ. Байқоңыровтың айтуынша, "Ақылды" бағдаршамдар жол қозғалысын өздігінен реттеп, құрылғылар көлік жүргізушілері үшін қолайлы режимді болжайды.
Бұл бағдаршамдардың зияткерлік жүйесі жолақтар, бағыттар бойынша көлік санын автоматты түрде санап, көлік жылдамдығын анықтайды. Көліктер қозғалысының үлкен ағынын тіркей отырып, бағдаршамдар сыртқы әсерленусіз өздігінен реттеуі тиіс, осылайша бағдаршамдар жол оқиғаларына бейімделеді,-деді ол. 

Сонымен қатар, ол "жасыл дәліз" құрып, ең алдымен үлкен қозғалыс ағынына және қоғамдық көліктерге басымдық берілетінін жеткізді. Мұндай жасанды зияткерлекті енгізу қаланың күрделі мәселелерін шешуге, яғни кептеліс санын азайтуға, көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға және апатты жағдайлардың болуын қысқартуға көмектеседі.



Өзгелердің жаңалығы