Алматыда 700-ге жуық жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырған

13 Қыркүйек 2021, 14:00
13947
Бөлісу:
Алматыда 700-ге жуық жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров хабарлады. Оның айтуынша, бүгінге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 47 082 жағдай анықталған.

Олардың ішінде 665 пациент – жүкті әйелдер. 143 жүкті әйел стационарлық ем қабылдап жатыр. 49-ы – үй карантинінде, - деп атап өтті облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Атап айтатын болсақ, науқастардың емханаға өздігінен жүгінуі бойынша 32670 жағдай (69,4%), бұрын айқындалған науқастармен байланыста болған эпидкөрсеткіштер бойынша 9241 жағдай (19,6%), профилактикалық мақсатта 5171 жағдай (11,0%) анықталған.

Жас ерекшеліктік құрамы бойынша жоғары көрсеткіш 14 жасқа дейінгі балаларда – 5642 (12%), 20-29 жас аралығындағылар – 4784 жағдайды (10,2%) құрап отыр. 30-39 жас аралығындағы 8645 адам (18,4%), 40-49 жас аралығындағы - 7871 адам (16,7%), 50 жастан асқандар бойынша – 20140 адам (42,8%) індет жұқтырған көрінеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 40 мыңға жуық педагог мамандар коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы