Алматыда 70 террорист пен 30 тонаушы ұсталды

7 Қаңтар 2022, 16:55
1290
Бөлісу:
Алматыда 70 террорист пен 30 тонаушы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өткізілген арнаулы операция барысында 70 террорист пен 30 тонаушы ұсталды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес,  арнайы операция барысында Алматыда 70 террорист пен 30 тонаушы ұсталған.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілгенін атап өткен еді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы террористерді ескертусіз атуға рұқсат берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы