Бас жаңалықтар
Алматыда 6 мыңнан астам мектеп оқушысы тегін үйірмелерге қатыса алады
03 Қыркүйек 2021, 10:50 985

Алматыда 6 мыңнан астам мектеп оқушысы тегін үйірмелерге қатыса алады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда тұратын 4 пен 17 жас аралығындағы балалар шығармашылық сабақтар мен үйірмелерге тегін қатыса алады. Бұл мақсаттарға бюджеттен 504 миллион теңге бөлінді. 

Бұл туралы Алматы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев баяндады. 

Жоба 4 жастан 17 жасқа дейінгі кішкентай алматылықтарға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік береді. 

2021 жылы Алматы қаласындағы үйірмелерге тегін қатысушылардың саны 6 000-нан асады. Кезек үйірмелердің 59 түрінің әрқайсысы үшін бөлек құрылады. Бүгінгі таңда 3 800 бала мен жасөспірім 20 түрлі үйірмеде белсендірілген ваучерлер арқылы оқуды бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін келесі жылы балаларды қамту көлемін 40 000-нан астам адамға жеткізу жоспарлануда, - деді Майлыбаев. 

Алматылық оқушылардың ата-аналары үйірмелер туралы ақпаратты artport.edu.kz сайтынан біле алады. Ол үшін платформаға тіркелу қажет. 

Балалар мен жасөспірімдер электронды форматта кезекке енгізілген. Кезек әр үйірмеге жеке жасалады. Бала екі шығармашылық үйірмеден артыққа қатыса алмайды.

Балалар арасында ең танымал үйірмелер – халық билері, балет, кескіндеме, сурет, домбыра, пернелі аспаптар және актерлік өнер.


Фото: дереккөз
Загрузка...