Алматыда 460-тан астам жаңа автобус жолға шығады

12 Сәуір 2019, 14:35
1909
Бөлісу:
Алматыда 460-тан астам жаңа автобус жолға шығады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Биылғы жылы тасымалдаушылар тағы 460-тан астам жаңа автобус алуды жоспарлауда.

Қала әкімдігінне хабарлағандай, жаңа жылжымалы құрам Еуро-5 экологиялық стандартқа сай және кондиционерлермен, видеобақылау, камераларымен, пандустармен жабдықталған. Жыл басынан бері қарай №65, №60, №14 ең тығыз бағыттар бойынша 125 жаңа автобус жолаушы тасымалдауда.

Айта кетерлігі, қала автобус паркінің 80%-ға жаңаруына қолма-қол ақысыз төлем жасайтын «Оңай» жүйесін енгізу арқасында қолжетті. Егер бұрындары автопарктер бюджет қаржысы есебінен жаңарса, ал қазір тасымалдаушылар өз қаржыларын инвестициялауға мүмкіндік беретін ашық нарықтық механизмді ұтымды қолдануда.

Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде қаланың автобус паркі 80% астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі стансасының құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды.

Бұлдан басқа, 15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, қаланың 14 ықшам ауданындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін тигізбейді. Кептелісті болдырмау үшін жолды толық жабу тек түн мезгілінде ғана жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы