Алматыда 4 жасар бала шұңқырдағы суға құлап, көз жұмды

12 Мамыр 2022, 08:51
1419
Бөлісу:
Алматыда 4 жасар бала шұңқырдағы суға құлап, көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алатау ауданы «Қарасу» шағынауданында болған.

Бұл факті Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі таңда соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Заң аясында жауапты адамдарға шара қолданылады, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Баланың өмірін қиған лай суға толы шұңқыр бір ай бұрын қазылған. «Қарасу» ықшамауданындағы кәріз жүйесін орталықтандыру үшін осы жерде арнайы станция құрылысы басталыпты. Жерасты суы кедергі келтірген соң жұмысты уақытша тоқтатуға тура келген.

Өзгелердің жаңалығы