Алматыда 38 отбасы баспаналы болды

6 Мамыр 2019, 17:10
2027
Бөлісу:
Алматыда 38 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәтерлер "Саялы-1" ықшамауданын берілді. Бұл туралы Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы хабарлады.

Баспаналы болғандар «толық емес отбасы» санаты бойнша мемлекеттен берілетін үй кезегінде тұрған. Отбасы құрамына байланысты оларға бір және екі бөлмелі пәтерлер бөлінген. Бүгін пәтер иелеріне «Бақытты отбасы» орталығында ресми түрде кілттері табысталды.

Аталған баспаналар мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында берілді. Мемлекеттік жеңілдікпен берілген пәтерді иелегендердің бірі Аида Сүйімбаева кезекті 2 жыл күткендігін айтты.

«Мен ұлымды жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, 2017 жылы «толық емес отбасы» санаты бойынша баспанаға кезекке тұрдым. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» шот ашып, ақша жинай бастадым. Қазіргі кезде пәтер сомасының 20%-ын жинап қойдым. Бағдарлама талаптарына толық сәйкес келгендіктен, менің келісіміме қол қойылды. Енді ай сайын 71 мың теңгеден төлейтін боламын», - деп атап өтті Сүйінбаева.

Жалпы, қаламызда азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл ретте тиімді шаралардың бірі - мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы. Оның негізгі  ерекшелігі пәтерлердің құны мен несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендігінде. Осылайша, соңғы 3 жылда толық емес отбасыларға 2 мыңға жуық пәтер берілген.

Сонымен қатар, қалада көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 4 мамыр күні 44 отбасының банк шоттарына пәтер алуға бастапқы жарнаны өтеуге берілген 1 млн теңге көлеміндегі қаражат аударылды. Тұрғын үй сертификаттарын ресми түрде табыстау рәсімі кейінге жоспарланған. 

Өзгелердің жаңалығы