Алматыда 320-дан астам көше жарықтандырылды

24 Қаңтар 2020, 15:50
1619
Бөлісу:
Алматыда 320-дан астам көше жарықтандырылды

Алматы, BAQ.KZ. Өткен жылы Алматыда 587 шақырым инженерлік желі салынған, оның - 287 шақырымы кәріз құбыры, 150 шақырым электр, 20 шақырым жылу және 130 шақырым газ желілері. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Сонымен қатар 73 шақырым жол құрылысы аяқталып, 47 шақырым арық қайта жөндеуден өткен.
Мемлекеттік бюджет аясында шамамен 300 мың тұрғынды қамтыған 670-тен астам аула абаттандырылды, 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Бұрын жарығы болмаған 320-дан астам көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде 8,4 мың жаңа жарық нүктелері орнатылды,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 284 отбасы баспаналы болған.
2019 жылдың 30 сәуірінен бастап аз қамтылған отбасылар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі күні осы бағдарлама арқасында 284 отбасы тұрғын үй сертификатын алды және жеңілдетілген шарт бойынша – жылына 2% мөлшерлемемен Алматыдан үй алды, - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, 2019 жылдың тамызынан бастап қаланың барлық аудандарында осындай "Бақытты отбасы" орталықтары ашылды, бұларда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын "Isker Ana" бағдарламасы жүзеге асуда.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша "Isker Ana" бағдарламасы арқылы 1,2 мыңнан астам отбасыға бизнестерін ашуға қолдау көрсетілді, 3,7 мыңнан астам аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 126,9 млн тг көлемінде демеушілік көмек берілді.




Өзгелердің жаңалығы