Алматыда 300-ден астам адам Pfizer екпесін алды

13 Қараша 2021, 16:48
872
Бөлісу:
Алматыда 300-ден астам адам Pfizer екпесін алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бір күнде 300-ден астам жасөспірім, жүкті әйелдер мен емізулі аналар Pfizer екпесін алды.

Алматыда 12 қарашадан бастап COVID-19 вирусына қарсы Pfizer екпесін салу басталды. Қала бойынша 300-ден астам жасөспірім, жүкті әйелдер мен емізулі аналар Comirnaty Pfizer / BioNTech екпесімен егілді. Ең алдымен мектеп оқушылары, колледж студенттері, жүкті және бала емізетін аналар екпе алды. Алматы қаласының тұрғыны Вероника Букша Алматыдағы N4 қалалық емханаға қаралған, осыдан 2 ай бұрын екінші сәбиін дүниеге әкелген. Вероника бүгін екпені бірінші болып алды.

WhatsApp Image 2021-11-13 at 15.44.34 (1).jpeg

Мен бала емізетін анамын, сондықтан баламды, өзімді, отбасымды мүмкіндігінше қорғағым келеді, емханадан медицина қызметкерлері шақырып, алғашқылардың бірі болып Pfizer екпесін алдым, мен өте қуаныштымын. Себебі мен осы күнді күткен едім, - дейді Вероника.

№4 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Мадьярованың сөзінше, бүгінгі таңда екпеге 40 бала емізетін анадан, 29 жүкті әйелден, 38 мектеп оқушысының ата-аналарынан келісім алынған.

WhatsApp Image 2021-11-13 at 15.44.34 (2).jpeg

Соңғы екі аптада емханада Pfizer екпесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. №4 емхана 12 мен 17 жас аралығындағы 4540 бала оқитын 10 мектепке қызмет көрсетеді. Ертең біздің дәрігерлер, яғни эпидемиологтар, саламатты өмір салтын ұстанатын дәрігерлер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мектеп оқушыларының ата-аналарына онлайн семинарлар өткізеді. Бүгінде бала емізетін әйелдер, жүкті әйелдер, колледж студенттері, жоғары оқу орындары, сонымен қатар студенттер екпе алды, - деді ол.

WhatsApp Image 2021-11-13 at 15.44.34.jpeg




Өзгелердің жаңалығы