Алматыда 30 мың оқушыға орын жетіспейді

19 Қараша 2019, 20:00
1769
Бөлісу:
Алматыда 30 мың оқушыға орын жетіспейді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына тегін ыстық тағам беру, білім мекемелеріндегі орын тапшылығын шешу, мектептер мен колледждерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық жарақтандыруды күшейту, оның ішінде мектеп жасына дейінгі және орта білім беретін жаңа мекемелерді іске қосу қарқынын арттыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес барлық мектептерде осы мәселелерге білім беру жүйесінің (Жаппай оқыту қоры) жалпы бюджетінің кемдегенде 1% қаржысы қарастырылған. Қаржы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие әрі күн көрісі төмен, сонымен қатар төтенше жағдай салдарынан жедел көмекке зәру отбасылардың оқушыларына әрі ата-ана қарауынсыз қалған жетімдерге беріледі.

Мемлекеттік стандарт қызметіне сәйкес Алматыда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар оқушыларының барлығы жаппай оқыту қоры қаржысы есебінен 100% тегін тамақпен қамтылған, - дейді қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова.
Жаппай оқыту қоры қаржысынан 2019 жылы қала бойынша осы санаттағы 20,7 мың балаға 1,235 млрд теңге қарастырылған. 2019 жылдың 9 айы ішінде жалпы сомасы 536 млн 725 мың теңгеге 20 735 оқушы тегін тамақтанды.

Білім басқармасының басшысы ағымдағы жылы мектептер мен колледждердің материалдық-техникалық базаларын нығайту үшін тігін машиналар жиынтығының, интернаттар үшін мультимедиялық жабдықтар мен білім мекемелері үшін жиһаздардың сатып алынғанын айтты. Білім мекемелеріндегі ескірген проекторлар 450 данаға жаңады.

Бүгінгі күні қалада халықтың сырттан жиі көшіп келуіне және бала туу санының артуына байланысты мектеп жасына дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерде орын тапшылығы сақталуда.

2019 жылы оқушы орнының тапшылығын азайту үшін Алатау ауданында 600 орынды №201 мектеп, Бостандық ауданында №105 мектеп жанынан 300 орынды қосалқы нысан пайдалануға берілді.

Түрксіб ауданындағы "Колхозшы" елді мекенінде 600 орынды мектептің, Әуезов ауданының "Мамыр" ықшамауданында 1200 орынды мектептің, сонымен қатар жеке инвестиция есебінен (Е. Тәтішев қоры) 600 орынды мектептер, № 61, 123, 164, 172 жанынан 1717 орынды қосалқы нысандар және әлеуметтік жауапкершілік аясында ашылуы 2020 жылдың қыркүйегіне жоспарланған №140 мектеп жанынан 300 орынды қосалқы нысан салынуда.

2020 жылы МЖӘ бойынша 12900 орынды 8 мектептің, 1640 орынды 3 жеке мектептің, мектептер жанынан әрқайсысы 600 орынды 2 қосалқы нысанның құрылысын бастау жоспарланған.

2019 жылы 560 орынды 3 мемлекеттік және 2618 орынды 113 жеке бала бақшалар іске қосылды. Барлығы 3178 орынды 116 бала бақша.

Бұлардан өзге, 640 орынды 4 мемлекеттік бала бақша және әлеуметтік жауапкершілік аясында Бостандық ауданында 150 орынды бала бақша салынуда, - дейді Гүлнар Ходжабергенова.

Өзгелердің жаңалығы