Алматыда 3 бала мұздың астына түсіп кетті

13 Ақпан 2020, 09:33
2498
Бөлісу:
Алматыда 3 бала мұздың астына түсіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады.

Біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын. Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым, - деп жазды Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында. 

Зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Алматы қаласы әкімінің жеке бақылауына алынды.

Өзгелердің жаңалығы