Алматыда 28 базар модернизацияланды

3 Мамыр 2022, 21:01
1351
Бөлісу:
Алматыда 28 базар модернизацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауданы көлеңкеден шығару және оны заманауи өркениетті форматқа көшіру. Бұл - қаланың кәсіпкерлік басқармасының міндеттерінің бірі. 

Қазір Алматыда 52 базар жұмыс істейді, онда 20 мыңнан астам кәсіпкер бизнесін жүргізуде. Бүгінде 28 базар жаңғыртылды. 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. 

Жұмыс орындарының саны 3,4 мыңға артты, тағы 16 базарда қайта құру жұмыстары жүргізілуде, оның 4-уі осы жылдың соңына дейін аяқталады. 

Модернизациялау сауданы жақсартады, антисанитарлық және стихиялық сауданы тоқтатады. Базар қызметкерлері жұмыс берушілерден жалақы мен әлеуметтік аударымдарды ала алады және салықтық төлемдер де ашық болады. 
 

Өзгелердің жаңалығы