Алматыда 2022 жылға арналған «Бюджетке қатысу» жобасына өтініш қабылданып жатыр

14 Қыркүйек 2021, 17:01
6694
Бөлісу:
Алматыда 2022 жылға арналған «Бюджетке қатысу» жобасына өтініш қабылданып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, қазір 2022 жылға арналған Халық қатысатын бюджетті іске асыруға дайындық жүріп жатыр және 23 тамыздан бастап жобалық ұсыныстарды қабылдау басталған.

Алматылықтар 1 қазанға дейін budget.open-almaty.kz. порталы арқылы ұсыныс жібере алады. Ол үшін өтінімді толтыру қажет, яғни жобалық ұсыныстың атауын, оның сипаттамасын, нысанның мекен-жайын көрсету және міндетті түрде жобалық ұсыныстың эскизі мен сметасын тіркеу қажет. Сондай-ақ қалауыңыз бойынша ағымдағы жағдайының суреті мен презентациясын қоса беруге болады. Бір жобаның максималды құны 58,3 миллион теңгеден аспауы тиіс, - дейді ол.

Жоба аясында Алматының 8 ауданына әрқайсысына қала бюджетінен 800 миллион теңгеден бөлуді көздеп отыр екен, жобаның жалпы сомасы 6,4 миллиард теңге. Алмас Батанов сондай-ақ бюджетке қатысуды іске асыру алгоритміне тоқталып өтті.

Бірінші кезең бойынша келесі жылға арналған өтінімдерді қабылдау басталды, бүгінге дейін 97 өтінім түсті. Қабылдау осы жылдың 1 қазанына дейін жалғасады. Екінші кезеңде жобаларды бағалау іске асырылады. Сараптамалық кеңес ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 күн ішінде әкімдіктің құзыретіне жататынына және жобалардың критерийлерге сәйкес келуіне қатысты келіп түскен жобалық ұсыныстарды талдайды. Үшінші кезең – қол жеткізу кезеңі. Сараптамалық кеңестің жүргізген бағалау нәтижелері бойынша алдын ала рұқсат беру хаттамасын дайындалады және оны ресми интернет-ресурста жариялайды, сонымен қатар жобаларды пысықтау бойынша ұсыныстар жасалады, - дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол әр жоба дауыс беру арқылы таңдалатынын жеткізді. Яғни сайтта авторизациядан өткен тұрғындар жобалық ұсыныстар сайтта орналастырылған сәттен бастап 9 қарашаға дейін дауыс беруді жүзеге асырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша Сараптамалық кеңес қорытынды жасайды және тиісті шешім шығарады екен.

10-нан төмен дауыс жинаған жобалық ұсыныстар іске асыруға жіберілмейді. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі сайтта және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Әрі қарай аудандық әкімдіктер мен басқармалар бюджеттік өтінімдерді қалыптастырады және жобалар бюджеттік заңнамаға сәйкес қаржыландырылатын болады, - дейді Батанов.

Өзгелердің жаңалығы