Алматыда 2022 жылға дейін тағы 8 жаңа мектеп бой көтереді – Бауыржан Байбек

20 Ақпан 2019, 11:59
1732
Бөлісу:
Алматыда 2022 жылға дейін тағы 8 жаңа мектеп бой көтереді – Бауыржан Байбек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғындармен кездесу барысында қала әкімі Алматыда әлі де мектептер мен балабақша саны жетіпей жатқанын айтып, жыл сайын білім саласына 100 млрд тенге бөлінетінін жеткізді.

«Алматыда жыл сайын білім саласына 100 млрд тенге бөлінеді. Бұл 32 мың мұғалімнің еңбекақысы. Бұл дегеніңіз 221 мектеп, 182 балабақша, 20 колледжді ұстап тұру деген сөз. Соңғы үш жылда 11 жаңа мектеп, 9 балабақша салынды. Бұл жерлерде 850 тұрақты жұмыс орны құрылды»,- деді ол. 

Сонымен қатар ол қалада қазір мектеп пен балабақша салу орындары жетіспей жатқанын, қала халқы жыл сайын 50 мың адамға өсіп жатқанын айтты.

«Оқушылар саны 10-12 мыңға, мектепке дейінгі балалар 5-7 мыңға артып отыр. Нәтижесінде кейбір мектептерде оқушылар толы. Мәселен, «Рахат»  ықшамауданында 90 орынды мектепте  500 бала оқуда. «Трудовик» ықшамауданыда да 100 орынды бір ғана мектеп бар. Алайда бұл аумақта мектеп жасындағы 900 бала тұрады. Елбасының Жолдауында айтылғандай 2022 жылға дейін тағы 8 жаңа мектеп бой көтереді, оның алтауы Алатау ауданында тұрғызылады»,- деді әкім. 

Сонымен қатар ол, мектеп пен балабақша тұрғызуда қаладағы құрылыс компаниялары да атсалысып жатқанын айтты.

«Ірі құрылыс компаниялары да қалаға көмектесуде. Осы жылы «BI Group» 270 орынды екі балабақшаны пайдалануға береді. «Базис-A» тағы төрт мектептің құрылысын жүргізуде. Бұның барлығы қала бюджетін 3,5 млрд теңгеге үнемдеуде»,- деді ол.


Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы