Алматыда 2019 жылы 175 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс тіркелді

17 Қаңтар 2020, 13:31
1688
Бөлісу:
Алматыда 2019 жылы 175 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс тіркелді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы қызметі өткен жылы 175 қылмыстық іс тіркеді. Бұл туралы Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Елнар Игіліков жыл қорытындысына арналған жиында айтты.

Оның 85-і парақорлық фактілері бойынша тіркелген, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану - 30, ұрлық - 40. Сотқа 196 қылмыстық іс жіберіліп, 85 адам анықталды, - деді ол. 

Оның айтуынша, жалпы департаменттің жедел-тергеу қызметі шеңберінде азаматтар тарапынан өтініштердің өсуі байқалған. 

Күнделікті негізде азаматтарды қабылдау жүзеге асырылы келеді. Өткен жылы 104 қабылдау болып, екі жүзден астам азамат түрлі қызмет саласы мәселелерін шешу бойынша қабылданды, - деді Е. Игіліков.

Айта кетсек, 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оның алдын алу тиімділігін арттыру мақсатында мемлекет басшысының жарлығымен аталған агенттік құрылған болатын. 

Басқарма басшысының айтуынша, қазір әділдік, парасаттылық және сенім ескеріле отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа құрылымы қалыптасқан. 

Осы аралықта үш жаңа департамент құрылды. Ол әкімшілік кедергілерді қысқарту, тиісті идеологияны ілгерілету және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асыратын превенция, парасаттылық және әріптестік, - дейді ол.


Өзгелердің жаңалығы