Алматыда 2019 жылы 12,7 мың отбасы АӘК алды

24 Қаңтар 2020, 16:13
1375
Бөлісу:
Алматыда 2019 жылы 12,7 мың отбасы АӘК алды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі 2019 жылы 12,7 мың отбасыға 7,1 млрд тг көлемінде АӘК көрсетті. Бұдан өзге, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы 22 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылдың қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Бұл - аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету тетіктері.
Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарға егер отбасының жиынтық табысының шығыны 10 пайыздан асатын болса, онда белгіленген нормативтер аясында тұрғын үй-коммуналдық шығындарын төлеуге көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, 2019 жылы Жастар жылы аясында республикалық бюджет есебінен қала әкімдігі жұмыс жасайтын жастарға 1055 пәтер берген.
Биыл жастарға тағы 1050 пәтер бөлінеді. "Алматы жастары" бағдарламасы аясында тағы 1 мыңнан астам пәтермен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қосымша 10 млрд теңге бөлінді, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2018 жылдың қазан айында Үкіметке жұмыс жасайтын жастар үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында кемдегенде бір мыңдай пәтер салу және үймен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілген болатын.
Өзгелердің жаңалығы